«Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 109 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10801 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларында:
4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) тізілімнің веб-порталы - www.e-Qazyna.kz электрондық мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, тізілім деректеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тізілімнің есепке алу объектілері (бұдан әрі - есепке алу объектілері) мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік заңды тұлғалар мен оларға бекітіліп берілген мүлік;
2) жер пайдаланудағы жер учаскелері;
3) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері;
4) мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері;
5) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілері;
6) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген шағын өлшемді және өзен кемелері;
7) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген көлік құралдары және ауыл шаруашылығындағы көлік құралдары;
8) мемлекеттік заңды тұлғалар мен ұйымдарға берілген лицензиялар мен рұқсаттар;
9) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген табиғи ресурстар кадастрларының объектілері;