«Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен арадағы тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 385 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен арадағы тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16460 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 14 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен арадағы тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу қағидаларында:
4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сыртқы сауда статистикасын жариялау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет): kgd.gov.kz ресми интернет-ресурсында жүргізіледі.
5. Сыртқы сауда статистикасын Комитеттің жауапты тұлғасы жариялайды.