15 жастағы және одан үлкен жастағы пациенттер үшін:
Инкубациялық кезең 2 тәуліктен 14 тәулікке дейінгіні құрайды.
COVID-19 үшін жіті респираторлық вирустық инфекцияның клиникалық симптомдарының болуы тән: СІЗ соңғы 14 күннің ішінде бір немесе бірнеше симптомдарды байқадыңыз ба?
15 жасқа дейінгі жастағы пациенттер үшін:
Балаларда инкубациялық кезең 2 күннен 10 күнге дейінгі аралықта, көп жағдайда 2 күнді құрайды. Балалардағы СОVID-19 клиникалық симптомдары басқа да вирустармен байланысты жіті респираторлық вирустық инфекцияның клиникалық көрінісіне сәйкес келеді: қызба, жөтел, тамақтың ауыруы, түшкіру, әлсіздік, миалгия.
СІЗ балаңызда соңғы 14 күннің ішінде бір немесе бірнеше симптомды байқадыңыз ба?
Егер Сізде суық тиюдің белгілері бар болса және Сіз коронавирус бойынша қолайсыз елден келген болсаңыз немесе сол жерден келген адамдармен байланыста болған болсаңыз, Қазақстан Республикасының Бас санитариялық дәрігерінің ұсынымы бойынша Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша кезек күттірмейтін көмек қызметі арқылы үйге дәрігер шақыруыңыз керек екендігіне назар аударуды сұраймыз.
Мен дұрыс ақпарат бергенімді растаймын _________________________________________________ (__________)
Т.А.Ә. қолы
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері орынбасарының
2021 жылғы 7 қазандағы
№ 35-Қ қаулысына
29-қосымша
COVID-19-ды диагностикалау үшін зертханаларды ашуға арналған уақытша ұсынымдар
COVID-19-ды зертханалық диагностикалау патогендігі ІІ топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеу үшін тиісті жағдайларды талап ететін тест-жүйелерді пайдалана отырып полимеразды-тізбекті реакция (бұдан әрі - ПТР) және жедел анықтау (анықтаудың скринингтік әдісімен (сапалық әдіс)) әдісімен жүргізіледі.
1.ПТР зерттеулерді жүргізуге арналған зертханаларға арналған уақытша
ұсынымдар
1. Зертханада жұмыс патогендігі ІІ топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеуге арналған шараларды сақтай отырып жүзеге асырылады.
2. Зертхана ғимаратын жобалау кезінде дербес жер учаскелерінде немесе олар құрамына кіретін ұйымның жер учаскесінде жүзеге асырылады.
3. Уақытша зертханаларды бейімделген ғимараттарда, үй-жайларда қауіпсіздік талаптары сақталған, судың мөлшері жеткілікті болғанда, электр энергиясымен, суды бұрумен, желдетумен қамтамасыз етілген жағдайда пайдалануға жол беріледі.
4. ПТР зерттеулерді жүргізу үшін диагностикалық жұмыстарды жүргізумен айналысатын зертханалардың үй-жайларында өткізу режимі белгіленеді.
5. Зерттеу жүргізу үшін зертхана персоналының инфекция жұқтыруын болдырмау мақсатында зерттеулер 1-типтегі обаға қарсы костюмдерде жүргізіледі.
6. ПТР зерттеулерді жүргізуге арналған үй-жайлардың ПТР-талдаудың кезеңдеріне сәйкес келетін 3 аймағы болуы тиіс:
1) материалды қабылдау, тіркеу және оны бастапқы өңдеу бөлмесі.
2) ДНҚ-ны (РНҚ-ны) бөлуге арналған биологиялық қауіпсіздік боксқа кіреберісі бар бокс.
3) амплификация жүргізуге арналған боксқа кіреберісі бар бокс.
7. Барлық бокстарда боксқа кіреберіс болады, онда қол жууға арналған раковина (қол жуғыштар) орналастырылады, ол болмаған жағдайда тері антисептиктерін, айна және дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтарды пайдалануға жол беріледі.
8. Зертхана ПТР-жабдығымен, тест-жүйелерімен, шығыс материалдарымен, жеке қорғаныш құралдарымен және бактерицидті шамдармен қамтамасыз етілуі тиіс.
9. ПТР әдісімен зерттеулер жүргізген кезде мыналар сақталады:
1) әр аймақта өзіне тиесілі жиһаздар жиынтығы, тоңазытқыштар/мұздатқыштар, зертханалық жабдықтар, реагенттер, автоматты тамшуырлар (дозаторлар), ұштықтар, пластикалық және шыны ыдыстар, қорғаныш киімі, аяқ киім, ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаптар, жинау мүкаммалы және тек осы бөлмеде ғана пайдаланылатын басқа да шығыс материалдары болады;
2) жабдықтарды, шығыс материалдарын, реактивтерді, қолғаптарды, халаттарды бір үй-жайдан екінші үй-жайға тасымалдауға жол берілмейді;
3) ПТР бойынша барлық жұмыстар жұмыстың әрбір кезеңі қамтамасыз етілетін ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаппен жүргізіледі;
4) барлық үй-жайларда бактерицидті сәулелегіштер орнатылады;
5) электрофорез әдісімен детекция жүргізген кезде бұл кезеңге жеке персонал қызмет көрсетеді;
6) ПТР-дің барлық кезеңдерін өткізуге арналған реагенттерді сақтау шарттары өндірушінің реагенттерді қолдану жөніндегі нұсқаулығының талаптарына сәйкес келеді. Клиникалық үлгілер реагенттерден бөлек сақталады;
7) сынама дайындау және реакциялық қоспаларды дайындау кезеңдері биологиялық қауіпсіздік бокстарында жүргізіледі;
8) терезелер тығыз жабылады.
10. ПТР жүргізуге арналған барлық үй-жайларды әрлеу жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалмен жүргізіледі.
11. Зертхананың жұқпалы аймағының үй-жайлары жасанды іске қосылатын ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен және шығатын жерде жеңіл тазарту сүзгілерімен жабдықталады.
12. Зертхана үй-жайларында:
1) арнайы киімсіз жұмыс істеуге;
2) ақаулы желдеткішпен жұмыс жүргізуге;
3) заттаңбасыз реактивтерді сақтауға және қолдануға;
4) жұмыс ерітінділерінің қорын жұмыс орындарында және стеллаждарда сақтауға жол берілмейді.
13. Бокстардағы жұмыс таза аймақтан жұқпалы аймаққа қарай бағытта ұйымдастырылады.
Бокстың ішкі беткейлері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тотығуға қарсы дезинфекциялау құралдарымен өңделеді.
14. Зертханалар шұғыл көмек көрсету жағдайына және авария жағдайына арналған дәрі қобдишаларымен қамтамасыз етіледі.
2. ИФТ зерттеулер жүргізу үшін зертханаға арналған уақытша ұсынымдар
1. Зертханада жұмыс патогендігі ІІ топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеу үшін шараларды сақтай отырып жүзеге асырылады.
2. Зертхана ғимаратын жобалау кезінде дербес жер учаскелерінде немесе құрамына кіретін ұйымның жер учаскесінде орналасады.
3. Уақытша зертханаларды бейімделген ғимараттарда, үй-жайларда қауіпсіздік талаптары сақталған, жеткілікті су мөлшерімен, электр энергиясымен, суды бұрумен, желдетумен қамтамасыз етілген жағдайда пайдалануға рұқсат етіледі.
4. ИФТ зерттеулер жүргізу үшін диагностикалық жұмыстар жүргізумен айналысатын зертханалардың үй-жайларында өткізу режимі белгіленеді.
5. Зерттеу жүргізу үшін зертхана персоналының жұқтыруын болдырмау мақсатында зерттеу 1 типтегі обаға қарсы костюмдерде жүргізіледі.
6. ИФТ зерттеулер жүргізуге арналған үй-жайлар:
1) материалды қабылдау, тіркеу және оны алғашқы өңдеу бөлмесі;
2) бокс алды бар бокс.
7. Барлық бокстарда қол жууға арналған раковиналар (қол жуғыштар) орнатылған бокс алды болады, болмаған жағдайда тері антисептиктерін, айна мен дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтарды пайдалануға жол беріледі.
8. Зертхана ИФА-жабдықтармен, тест-жүйелермен, шығыс материалдармен, жеке қорғаныш құралдарымен және бактерицидті шамдармен қамтамасыз етілуі тиіс.
9. ИФТ әдісімен зерттеулер жүргізу үшін мыналар сақталады:
1) әрбір аймақта тек осы бөлмеде пайдаланылатын жиһаз, тоңазытқыштар/мұздатқыштар, зертханалық жабдықтар, реагенттер, автоматты тамшуырлар (мөлшерлегіштер), ұштықтар, пластикалық және шыны ыдыстар, қорғаныш киімдер, аяқ киімдер, тальксіз бір рет қолданылатын қолғаптар, жинау мүкәммалдары және басқа да шығыс материалдары болады;
2) жабдықтарды, шығыс материалдарын, реактивтерді, қолғаптарды, халаттарды бір үй-жайдан екіншісіне тасымалдауға жол берілмейді;
3) ИФТ бойынша барлық жұмыстар бір рет қолданылатын қолғаптарда тальксіз жүргізіледі, олар жұмыстың әрбір кезеңін қамтамасыз етеді;
4) барлық үй-жайларда бактерицидті сәулелендіру құралдары орнатылады;
5) ИФТ барлық кезеңдерін жүргізу үшін реагенттерді сақтау шарттары реагенттерді қолдану жөніндегі өндірушінің нұсқаулығының талаптарына сәйкес келеді. Клиникалық үлгілер реагенттерден бөлек сақталады;
6) термостат температурасы күн сайын бақыланады;
7) терезелер тығыз жабылады.
10. ИФТ жүргізуге арналған барлық үй-жайларды өңдеу жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалмен жүргізіледі.
11. Зертхананың жұқпалы аймағының үй-жайы жасанды іске қосылатын сору желдеткішімен және шығатын жерде жұқа тазалау сүзгілерімен жабдықталады.
12. Зертхана үй-жайларында:
1) арнайы киімсіз жұмыс істеуге;
2) желдеткіш жарамсыз болған жағдайда жұмыс жүргізуге;
3) заттаңбасы жоқ реактивтерді сақтау және қолдануға;
4) жұмыс ерітінділерінің қорларын жұмыс орындарында және стеллаждарда сақтауға жол берілмейді.
13. Бокстардағы жұмыс таза аймақтан жұқпалы аймаққа қарай ұйымдастырылады. Бокстың ішкі беткейлері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тотығуға қарсы дезинфекциялау құралдарымен өңделеді.
14. Зертханалар шұғыл көмек көрсету жағдайына және апат жағдайына арналған дәрі қобдишалармен қамтамасыз етіледі.
3. ПТР және ИФТ зерттеулерін жүргізуге арналған үй-жайлардағы режимге қойылатын талаптар
1. Жұмыс күнінің басында және соңында жұмыс бөлмелерінде үстелдерді, аспаптарды, жабдықтарды өндірушінің нұсқаулығына сәйкес осы мақсаттар үшін қолдануға рұқсат етілген этил спиртімен және дезинфекциялық құралдармен өңдеу жүргізіледі.
2. Жұмыс басталғанға дейін үй-жайды ылғалды тәсілмен, «таза» аймақта жуу құралдарын қолдана отырып, «жұқпалы» аймақта жуу құралдары мен дезинфектанттарды қолдана отырып, тазалайды, бактерицидті сәулелендіргіштермен 30-60 минут бойы сәулелейді.
3. Жұмыс аяқталғаннан кейін үстелдер, аспаптар, жабдықтар, еденді дезинфекциялық ерітіндіні қолдана отырып сүртеді. Жинау мүкаммалының «таза» және «жұқпалы» аймақтар үшін бөлек таңбасы болады.
4. Жұмыс басталғанға дейін 15 минут бұрын үй-жай мен бокста бактерицидті сәулелендіргіштер және желдеткіштің сору жүйесі қосылады. Боксты жүктеу кезінде желдету ажыратылады. Жұмыс кезінде бокста ауа сору болмаған жағдайда, жұмыс дереу тоқтатылады. Бокс ауасын бактериологиялық зерттеу және сүзгі жұмысын бақылау аптасына бір рет жүргізіледі.
5. Жұмыс басталар алдында БҚБ-ға сору желдеткіші қосылады. Материалды тиеу теріс қысым кезінде жүргізіледі. БББ өтпелерден және әртүрлі әуе ағындарынан алыс жерде орнатылады.
6. Инфекциялық материалды жеткізу металл, герметикалық жабық ыдыста (биксте, бактарда, тоңазытқыш сөмкеде, контейнерлерде) жүзеге асырылады. Сұйық материалдары бар жеткізілетін ыдыстар тасымалдау кезінде ішіндегінің құйылуын болдырмайтын тығындармен жабылады. Материалды орау кезінде бикстер, контейнерлер мен түтікшелер дезинфекциялық ерітіндімен сүртіледі және металл табақтарға қойылады.
7. Инфекциялық материалды себу кезінде түтікшелерде, тостағандарда, сауыттарда материалдың атауы, талдау нөмірі, себу күндері және тіркеу нөмірі жазылған жазбалар көрсетіледі.
8. Бөлме арасында материалды тасымалдау кезінде авария болған жағдайда персонал тасымалданатын сыйымдылықтарды жергілікті жерлерде қалдырып, қауіпті аймақтан кетеді және болған жағдай туралы бөлімше басшысына хабарлайды. Аварияға жол берген адамдар санитариялық өңдеуден өтеді. Авария кезінде үй-жайды өңдеу І типтегі обаға қарсы костюмде жүргізіледі.
9. Барлық қалдықтар «В» сыныбы - төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар ретінде жіктеледі.
4. ПТР және ИФТ әдістерімен зерттеуді жүзеге асыратын персоналдың жұмысына
қойылатын талаптар
1. Персоналдың қолын жуу диспенсордан сұйық сабын беру жолымен жүзеге асырылады және қолды кептіру бір рет қолданылатын қағаз сүлгімен жүргізіледі.
2. Жұмыс аяқталғаннан кейін персоналдың қолы дезинфекциялық ерітіндімен немесе 70 о спиртпен өңделеді.
3. Жұқтырылған материалмен жұмыс істейтін адамдарға жұмыс күнінің соңында дене температурасының термометриясы жүргізіледі.
4. Зертхананың үй-жайларынан оның жұқпалы немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істеу кезеңінде қорғаныш киімімен шығуға жол берілмейді.
5. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура жоғарылаған кезде зертхана қызметкері ұйым басшысына хабарлайды және жедел жәрдем келгенше дереу оқшауланады.
6. ИФТ диагностикасын жүзеге асыратын зертханалық мамандар COVID-19-ға тестілеуден өтуі тиіс.
7. Жұмыс басталған кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12665 болып тіркелген) Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізіледі.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері орынбасарының
2021 жылғы 7 қазандағы
№ 35-Қ қаулысына
30-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде экскурсиялық қызметті
(туристердің ұйымдастырылған топтары үшін экскурсияны ұйымдастыру)
жүзеге асыруға қойылатын талаптар
1. Көлікті дайындау және жолаушыларды (туристерді) тасымалдау
1. Жолаушыларды тасымалдауға арналған автокөлік кейіннен желдетіле отырып, дезинфекциялау құралдарымен (отырғызғанға дейін) салонды өңдеуге жатады.
2. Жүргізушілерді рейс алдындағы тексеру міндетті термометриямен және нәтижені Тапсырыс парағында (туристік (бұдан әрі - туроператорлар) мен көлік компаниялары арасында) тіркеумен жүргізіледі.
3. Жүргізушілер, еріп жүретін адамдар мен туристер көлік құралында, маршруттың жүру жолында медициналық немесе мата маскасында болады.
4. Автобустарда (шағын автобустарда) қолды өңдеу үшін санитайзерлердің қажетті саны белгіленеді, жүргізушілер маскалардың қосымша қорымен қамтамасыз етіледі.
5. Экскурсиялық сапарларды жүзеге асыратын автобусқа жолаушыларды (туристерді) жіберуге отыратын орындардың жалпы санының 75%-ынан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің келісімі бойынша тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен сырқаттанушылық тұрақты төмендеген және жағдай тұрақтанған кезде объектінің жалпы сыйымдылықтағы келушілермен толтырылуы ұлғайтылуы мүмкін.
6. Автобусқа отырғызу алдында міндетті термометрия, сондай-ақ ЖРВИ белгілерінің болуы үшін туристер мен бірге жүретін адамдардың сапарын ұйымдастырушының көзбен шолуы жүргізіледі.
7. Жолаушылар оларды пайдалану регламентіне сәйкес қорғаныш құралдарын ауыстыра отырып, Маска режимін сақтаған кезде ғана қонуға рұқсат етіледі.
8. Ілесіп жүретін адам сапар алдында санитариялық нормаларды сақтау және жолаушылар (туристер) үшін әлеуметтік дистанциялау бойынша міндетті нұсқама өткізеді.
9. Автобустарға (көлікке) туристерді туроператордың тізіліміне сәйкес, толық жүру маршрутын, күні мен уақытын көрсете отырып, көліктің мемлекеттік нөмірін көрсете отырып отырғызу. Бұл ретте, туристер тізілімінде туристер туралы мәліметтер: тегі мен аты, ЖСН, байланыс телефонының нөмірі және міндетті нұсқамадан өткені туралы белгі болуы тиіс.
10. Мыналарға:
1) автобустағы жолаушылар үшін орын ауыстыруға;
2) стихиялық сауда және тамақтану орындарында тоқтауға жол берілмейді.
11. Санитариялық аялдама кезеңінде автобусты дезинфекциялау құралдарымен өңдеу жүргізіле отырып, 3 сағатта кемінде 1 рет желдету жүзеге асырылады.
2. Экскурсиялар кезінде тамақтануды ұйымдастыру
1. Туристерге арналған сусындарды туроператор 1,0 литрден аспайтын қаптамада, жеке қаптамада ұсынады.
2. Өндіруші жасаған және буып-түйген туристке арналған құрғақ азық-түлікке (сэндвич, чиптер, снейкалар, хотдог және басқа да тағамдар) жол беріледі.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері орынбасарының
2021 жылғы 7 қазандағы
№ 35-Қ қаулысына
31-қосымша
COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін жерлеу алгоритмі
Медициналық ұйымда COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар немесе күдікті пациент қайтыс болған жағдайда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 131-бабына сәйкес паталогоанатомиялық ашу жүргізіледі.
Қайтыс болған адамның денесімен жұмыс істейтін медицина персоналы денемен жанасу дәрежесіне қарай денемен және оны қоршаған заттармен жанасқанға дейін және одан кейін қолды гигиеналық өңдеуді қоса алғанда, жеке қорғаныш құралдарын (халат пен қолғап) пайдалануы қажет. Физиологиялық сұйықтықтардың немесе бөлінділердің шашырау ықтималдығы кезінде персонал қорғаныш қалқандарын немесе көзілдіріктерді және медициналық маскаларды қоса алғанда, бетті қорғау құралдарын пайдалануы тиіс.
Бұл ретте денені мәйітханаға тапсыруға дайындау керек, оның ішінде барлық инфузиялық жүйелерді, катетерлерді және басқа түтіктерді шығарып, денеден ағып жатқан барлық сұйықтықтарды оқшаулауды қамтамасыз ету қажет. Сұйықтықтар көп аққан кезде арнайы пакеттерді пайдалануға рұқсат етіледі.
Ашу медициналық ұйымда биологиялық өлім анықталғаннан кейін алғашқы тәулікте жүргізіледі.
Диагнозды, өлімнің себептерін және гистологиялық және зертханалық зерттеудің басқа да түрлеріне биологиялық материалды алу мақсатында қайтыс болған адамның денесі патологоанатомиялық бөлімшеге тасымалданады.
Қалалық және облыстық қоғамдық денсаулық басқармалары COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін патологоанатомиялық зерттеу жүргізілетін патологоанатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдарды анықтайды.
Патологоанатомиялық бөлімшелерде COVID-19 қайтыс болғандарды патологоанатомиялық ашуға, биоматериалды алуға, секциялық залды жинау мен дезинфекциялауға қатысатын барлық қызметкерлердің Т.А.Ә., күндер мен іс-әрекеттерін тіркей отырып, журнал жүргізуді қамтамасыз ету қажет.
Ашу желдетілетін секциялық бөлмеде жүргізіледі, желдету жүйесі сағатына кем дегенде алты еселік ауа алмасуды қамтамасыз етуі тиіс.
Ашуға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарымен персоналдың ең аз саны (бір дәрігер-патологоанатом және екі санитар) қатысады.
COVID-19-бен ауыратын науқастардың мәйіттерін қарап-тексерумен, тасымалдаумен, жұмыс істеумен және қызмет көрсетумен байланысты барлық адамдар жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптар, бетті қорғауға арналған экрандар, сондай-ақ қорғаныш дәрежесі жоғары медициналық маскалар немесе респираторлар (кемінде 2-ші қорғаныш сыныбы немесе FРР2), таза, стерильді емес, ұзын жеңді суға төзімді халатты (немесе суға төзімді бір рет қолданылатын костюм, немесе суға төзімді комбинезон), резеңке етікті немесе қонышы ұзын резеңке бахилаларды (бұдан әрі - ЖҚҚ) пайдаланады.
Сақтау қажет болған жағдайда қайтыс болған адамның мәйітін дезинфекциялау құралына мол суланған жаймаларға орап, содан кейін арнайы бөлінген таңбаланған кассеталық тоңазыту камерасына салу қажет.
COVID-19-дан қайтыс болған науқастың мәйітін жуу прозектурада жүргізіледі. Денені дайындау ең аз адамдардың қатысуымен жүзеге асырылуы керек. Мәйітті жууға тартылған адамдар (3 адамнан артық емес) ЖҚҚ (алжапқышы бар су өткізбейтін халат, көзілдірік, медициналық маскалар, қолғаптар) киеді. Дене сұйықтықтарының шашырауы мүмкін кез келген іс-әрекетті орындау кезінде көзді және ауызды қорғау құралдарын (бетке арналған қорғаныш қалқаны немесе көзілдірік, сондай-ақ медициналық маска) пайдалану керек.
Денені дайындауға балалар, қарттар (60 жастан асқан) және созылмалы патологиясы бар адамдар (тыныс алу аурулары, жүрек-тамыр аурулары, қант диабеті немесе иммундық жүйесі әлсіреген) қатыспауы керек.
Денені дайындауға арналған үй-жайдағы беттер алдымен сабынды сумен немесе өнеркәсіптік өндірістің дайын жуу құралымен өңделеді, содан кейін вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимдері көрсетілген, оларға қоса берілген нұсқаулықтарға сәйкес дезинфекциялау құралымен өңделеді
2 метрден кем емес қашықтықты сақтай отырып, ЖҚҚ (респиратор, бір рет қолданылатын медициналық халат, қолғаптар, бахилалар) пайдалана отырып, қайтыс болған адамның 2 адамнан артық емес туысқандарының жуу кезінде болуына жол беріледі.
Табытсыз көмген кезде (ұлттық әдет-ғұрып бойынша) дезинфекциялау ерітіндісімен жуады және қолданылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес шоғырланудағы тиісті вирулицидті (бактерицидті) дезинфекциялау ерітіндісі сіңірілген матаға (саван, «кебін») орайы. Содан кейін дене полиэтилен пленкамен оралып, тығыз матаға оралады. Жерлеу кезінде саванды ашуға және қайтыс болған адамның бетін ашуға тыйым салынады.
Табытпен көмген кезде (ұлттық әдет-ғұрып бойынша) қайтыс болған адамның мәйіті пайдаланылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес шоғырланудағы тиісті вирулицидті (бактерицидті) дезинфекциялау ерітіндісі сіңірілген матаға оралады. Содан кейін дене полиэтилен пленкамен оралып, қайтадан тығыз матаға оралады. COVID-19-дан қайтыс болған адамның мәйіті жерлейтін жерге жабық табытта тасымалданады.
Жерлеу іс-шараларын өткізу үшін (жаназа, арулау және т.б.) туыстарымен қоштасу үшін мәйітті беруге рұқсат етіледі. Діни салтқа тек бір ғана діни қызметкердің қатысуына жол беріледі. Бұл ретте діни қызметші мен туыстары қайтыс болған адамның денесін ұстамайды.
Прозектурадан кейін дене мәйітті тасымалдау және жерлеу кезінде биоқауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіру және тиісті қолхат алу арқылы қайтыс болған адамның туыстарына жерлеуге беріледі.
Жерлеуге қатысушылар жеке қорғаныш құралдарын (маска, қолғап) пайдалануы тиіс. Жерлеу барысында кем дегенде 2 метр қашықтықты сақтау қажет.
COVID-19 расталған/немесе ықтимал диагнозы бар қайтыс болған адамның мәйітін көму жеке зират бөлместен жалпы зираттарда жүргізіледі.
Жерлеу аяқталғаннан кейін құрал-саймандар, қорғаныш киімі, көлік қабірдің шетінде тікелей көмілген жерде тиісті шоғырланудағы және экспозициядағы дезинфекциялау құралдарымен зарарсыздандырылады.
Мәйітті көму орнына тасымалдау үшін пайдаланылған көлік нұсқаулыққа сәйкес тиісті шоғырланудағы дезинфекциялау құралдарымен мұқият жуу немесе гидропультпен қарқынды сулау жолымен зарарсыздандырады.
Көлікті дезинфекциялауды (жууды) жүргізетін адамдар жеке қорғаныш құралдарын (қорғаныш халаты, қолғаптар, медициналық маскаларды) пайдалануы қажет.
Көлікті басқа орындарда дезинфекциялауға және көму орнынан зарарсыздандырылмаған құрал-саймандарды, пайдаланылған қорғаныш киімдерін және мәйітті тасымалдау мен көмуге пайдаланылған басқа да заттарды әкетуге жол берілмейді.
Қайтыс болған адамды басқа қалалар мен жерлерге тасымалдауға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің келісімі бойынша рұқсат етіледі.
Елдің аумағында COVID-19-дан шетел азаматтары қайтыс болған жағдайда мәйітті тасымалдау және оны көму бойынша барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері орынбасарының
2021 жылғы 7 қазандағы
№ 35-Қ қаулысына
32-қосымша
COVID-19-ға тестілеу алгоритмі
І. Иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген
иммундық-хроматография әдісімен жедел тестілеу
1. Жалпы ережелер
1. COVID-19 жедел тестілеу SARS-CoV-2 коронавирусына IgG/IgM сыныпты антиденелерді анықтай отырып, иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген иммундық-хроматография әдісімен орындалады.
2. SARS-CoV-2 коронавирусына IgG/IgM сыныпты антиденелерді анықтауға арналған материал капилляр қанының сынамасы болып табылады.
3. Жедел тестілеу:
1) стационарда төсек жанында тестілеу кезінде (РОСТ);
2) арнайы бөлінген және жабдықталған автомобильдерде;
3) жедел медициналық көмек бригадалары немесе үйге жылжымалы мобильді бригадалар;
4) арнайы палаткаларда немесе мобильді сынама алу пункттерінде (АП немесе мобБАП);
5) автомобиль және теміржол өткізу жолдарында (өткізу пункттерінде);
6) осы зерттеуді ғана орындайтын арнайы бөлінген және жарақтандырылған биоматериалдарды алу пункттерінде орындалады.
4. Медицина персоналына өз бетінше тестілеуге рұқсат етіледі.
5. Биоматериалдың сынамасын алуды оқытылған медицина қызметкері ЖҚҚ-ны (медициналық маска, қалпақшалар, бір рет қолданатын қолғаптар, қажет болған жағдайда бетті қорғауға арналған экрандар немесе көзілдірік, таза, стерильді емес, бір рет қолданылатын ылғалға төзімді халат) пайдалана отырып жүзеге асырады.