«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 939 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 407 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 939 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12834 болып тіркелген; 2016 жылғы 21 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Әскери-дәрігерлік сараптама өткізу тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. ӘДК-ның қорытынды отырысы барлық мамандардың тексерулері аяқталған соң не болмаса осы Қағидалардың 25-тармағында баяндалған негіздер бойынша медициналық куәландыру тоқтатылғаннан кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. 17 жасқа толмағаны себепті тіркеу куәлігін алмаған адамдардан басқа тіркеу куәліктері немесе әскери билеттері жоқ азаматтық жастар арасындағы адамдар медициналық куәландыруға жіберілмейді.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: