«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 26 шілдедегі № 544 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13975 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шарты бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шарты»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«
____________ қаласы 20__ жылғы «____» __________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы),
бұдан әрі «Уәкілетті орган» деп аталатын,
____________________________________________________________________