Сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 9 бұйрығы
(2023.03.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 24 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021.15.01. № 4 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.27.08. № 20 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» (индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» (индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Сауда базарлары туралы есеп» (индексі 12-сауда, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Сауда базарлары туралы есеп» (индексі 12-сауда, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» (индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;