Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 31 мамырдағы № 115 бұйрығы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 7 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруда:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Тестілеу залы ұялы байланысты тұншықтыратын құралмен, кандидатты сәйкестендіру мақсатында карт-ридермен, сонымен қатар тестілеу процессінің бейне- және аудиожазбасын жүргізу үшін техникалық жазба құралдарымен жабдықталады.»;
16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тестілеуден өтетін адамдарға тестілеу залына қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) кіргізуге рұқсат берілмейді. Мұндай құрылғылар тестілеуді өткізу уақытында ұяшықтары бар арнайы шкафтарға сақтауға салынады.»;
24-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.»;