(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЫҒАРЫНДЫЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕНГЕН МӨЛШЕРІ БӨЛІКТЕРІН, АЗА...

Шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туындыларды құру және айналымы қағидаларын бекіту уралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 79 бұйрығы

 

Осы редакция 2016 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туындыларды құру және айналымы қағидаларын бекіту туралы қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалауы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.