«Тексерудің стандартты файлға қойылатын талаптарды, оны жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 567 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 3 қарашадағы № 740 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тексерудің стандартты файлға қойылатын талаптарды, оны жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 567 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37055 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексерудің стандартты файлына қойылатын талаптарды, оны жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Реcпубликасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 3 қазандағы
№ 567 бұйрығына
1-қосымша
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексерудің стандартты файлына қойылатын талаптар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Реcпубликасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 3 қазандағы
№ 567 бұйрығына
2-қосымша
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стандартты тексеру файлын жасау және ұсыну қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тексерудің стандартты файлын салық төлеуші (салық агенті) бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу кезінде салық төлеушіде (салық агентінде) бар «xml», «xlsx» форматында қағаз және (немесе) цифрлық жеткізгіштерде жасайды.»;
осы қағидаларға 2-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;