Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 16 шешімі
(2021.09.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 24 ақпандағы
№ 16 шешімімен бекітілген
Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың
қағидалары
1. Жалпы ережелер