«Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 446 бұйрығы

 «Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығыа өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 446 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17053 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 72-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу (бұдан әрі – бірыңғай кадастр) тәртібін айқындайды.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Сипатқа тән геологиялық, тау-кен-техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық параметрлерді есепке алу үшін жер қойнауын пайдаланушылар меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан, осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мынадай объект түрлеріне паспорт жасайды:

1) пайдалы қазбалардың қоры мен ресурстарын бағалаудағы өзгерістер туралы мемлекеттік есепке енгізілген пайдалы қазбалардың ресурсы мен қоры бар кен орындары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.