Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 589 бұйрығы
(2026.01.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2026.15.07. № 479 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды облыстық бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды астана мен республикалық маңызы бар қалалардың бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды облыс ауданы, облыстық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;