(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ 2015.28.04...

Осы редакция 2015 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 495 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) әзірленген.

3. Мемлекеттік қызмет облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);

2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) ХҚКО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен кейін келесі күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезден:

лицензияны беру - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны қайта рәсімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

лицензияның телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

заңды тұлға - лицензиаты басқа заңды тұлғаға бөліп шығу, бөліну нысанында қайта ұйымдасқан кезде, лицензияны қайта рәсімдеу - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.