Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 606 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау, ұлттық экономиканы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерде шығарылатын тауарларды (бұдан әрі – тауарлар) ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.
2. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өнім беруші шығарған тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат етілсін.