«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 136 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 28237 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) осы бұйрыққа 5-1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 20982 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;»;
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;»;
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 5-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрыққа 6 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте: