«Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI «Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 17 мамырдағы № 22/3-VII шешімі (күші жойылды)

Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI «Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 17 мамырдағы № 22/3-VII шешімі

 

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 40/10-VIII шешімімен күші жойылды

 

Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI «Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6248 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

1) әлеуметтік көмек түрінде қарыз сомасынан 10%, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын;

2) әлеуметтік қолдау түрінде қарыз сомасынан 10%, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.»;

2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттары айқындалсын:

1) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары:

жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.