Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№ 130 бұйрығына
8-қосымша
Осы редакция 2026 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1. «Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің осы Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.
3. Мемлекеттік қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы қауіпті қалдықтарды экспорттауға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу туралы жеке тұлғаның өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 2-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы қауіпті қалдықтарды импорттауға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу туралы жеке тұлғаның өтініші;