Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 479 «Өскемен қаласына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 сәуірдегі № 1112 Қаулысы
Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 479 «Өскемен қаласына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8818-16 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Өскемен қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Өскемен қаласына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.