«Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 Қаулысы (2022.12.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

4. Жеке ыдысты пайдалану қажет.

5. Температура немесе әлсіздену белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, жедел жәрдемге қоңырау шалу қажет.

 

Үй карантині қамтамасыз етілетін үй шаруашылығы мүшелеріне арналған нұсқаулықтар

Мыналар ұсынылады:

1. Үйге бөгде адамдардың келуін болдырмау.

2. Карантин бөлмесіне кіру кезінде ауыз бен мұрынды тығыз жабатын медициналық маска кию қажет. Егер маска ылғалданған немесе ластанған болса, оны дереу жаңа медициналық маскамен ауыстыру қажет. Медициналық масканы тиісті техниканы пайдалана отырып, яғни оның алдыңғы бөлігін ұстамай шешу.

3. Күн сайын отбасының әрбір мүшесінің дене температурасын күніне кемінде 2 рет өлшеу керек.

4. Үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету.

5. Күн сайын ылғалды жинау.

6. Қолды сабынмен жиі жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу, қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды қолданған жөн.

7. Әрбір отбасы мүшесіне жеке ыдыс-аяқты, жеке гигиена құралдарын пайдалану.

8. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу керек.

9. Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде дене температурасы немесе сырқаттану белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, жедел жәрдем шақыру.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің

2022 жылғы 25 наурыздағы

№ 16 қаулысына

11-қосымша

 

 

COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында

инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдардың деректерін

өңдеу алгоритмі

 

1. COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдарды тіркеу алдын ала сыныптауды пайдалана отырып жүргізіледі:

- Сырттан әкелінетін жағдайлар (әуерейстері, темір жол тасымалдары, авто);

- байланыста болу жағдайлары (инфекция жұқтырған адамдармен жақын байланыс санаттары арасында);

- жергілікті жағдай (инфекция жұқтырудың анықталмаған көздері), оның ішінде:

1) өздігінен жүгіну;

2) профилактикалық мақсатта скрининг жүргізу шеңберінде анықталған.

1.1 Сырттан әкелінген жағдайлардың тіркелуі:

1.1.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің санитариялық-карантиндік пункттерінің (бұдан әрі - СКП) мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «COVID-19 бақылау орталығы» Веб-қосымшасында немесе басқа елдерден келген жолаушыларды тіркеу үшін нысанның қағаз тасығышында сауалнама жүргізіледі. Сауалнаманы толтыру жолаушылар өздігінен, немесе СКП мамандарының көмегімен толтырады.

1.1.2. Басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеу үшін сауалнаманы толтырудан бас тарту ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.

1.1.3. Басқа елдерден келген жолаушыларды тіркеуге арналған сауалнаманы жолаушылар қағаз тасығышта толтырған кезде рейстер/поездар/автомобильдер келгеннен кейін бес сағаттың ішінде мәліметтерді COVID-19 Веб-қосымшасына көшіреді.

1.1.4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің (бұдан әрі - АД) мамандары өңірдегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізеді, атап айтқанда: 1 (1А, 1Б), 2, 4-кестелерге сәйкес деректер жиынтығын жүргізеді, сондай-ақ инфекция жұқтырған адамдар туралы 12 (он екі) сағаттың ішінде, инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған адамдар туралы 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде COVID-19 Веб-қосымшасына деректерді енгізеді.

1.1.5. Республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының (бұдан әрі - ҚДСБ) мамандары № 3 кестеге сәйкес байланыста болған адамдарды медициналық бақылауы қажет. ҚДСБ-ның мамандары 1 (1А, 1Б) және 4-кестелерге сәйкес АД-ге инфекция жұқтырған адамдар туралы барлық деректерді ұсынуы қажет.

1.2. Байланыста болу жағдайларын тіркеу:

1.2.1. Диагностикалық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін және байланыста болған адамдарды анықтау бойынша сауалнама жүргізілгеннен кейін инфекция жұқтырған адам анықталған жағдайда инфекция жұқтырған және байланыста болған адамдар туралы деректер осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес COVID-19 Веб-қосымшасына «пациентті енгізу» бөліміне енгізіледі.

1.3. Жергілікті (өздігінен жүгіну және профилактикалық скрининг кезінде анықталған) жағдайлар:

1.3.1. АД-ның мамандары ҚДСБ-нан COVID-19-ға күдікті пациенттің жүгінгені туралы шұғыл хабарлама алған жағдайда осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес ақпарат қалыптастырады.

1.4. Жақын байланыста болуды тіркеу.

1.4.1. Сырттан әкелінген жағдайда жақын байланыс осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес анықталады, тіркеу автоматты түрде жүргізіледі.

2. ҚДСБ және (немесе) МСАК ұйымдарының мамандары денсаулық жағдайын қашықтан мониторингілеу мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтары үшін мобильді қосымша орнату бойынша нұсқама жүргізеді және белгіленген кезеңділікпен өзінің хал-жағдайы туралы мәліметтерді енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды. ҚР азаматы болып табылмайтын адамдар үшін қашықтан мониторингілеу ҚДСБ мамандарының қоңырау шалу және қажетті мәліметтерді толтыруы жолымен жүргізіледі. Қашықтан мониторингілеу нәтижесінде алынған мәліметтер осы қосымшаның 1.1.5-тармағына сәйкес АД-ге беруге жатады.

2.1. Тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ үй карантиніндегі медициналық бақылаудағы адамдар қашықтан мониторингілеу үшін өзінің хал-жағдайы туралы мобильді қосымшаға қажетті кезеңділікпен мәліметтерді енгізуге міндетті. Бас тарту немесе өз хал-жайы туралы мәліметтерді уақтылы енгізбеу ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.

2.2. Медициналық ақпараттық жүйе қашықтан медициналық бақылау нәтижелерін COVID-19 Веб-қосымшасында жаңартылғаннан кейін автоматты түрде интеграцияланады.

3. АД-ның мамандары COVID-19-ға зертханалық зерттеудің оң нәтижесі туралы зертханалық зерттеу хаттамасын алған сәттен бастап он екі сағаттың ішінде осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес COVID-19 Веб-қосымшасына пациент туралы деректерді енгізеді.

4. COVID-19-ға тестілеуді жүзеге асыратын зертханалар мен меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар осы қаулыға 7-қосымшада бекітілген жолдамаға сәйкес COVID-19-ға оң нәтижесі бар адамдар туралы ақпарат беруге тиіс.

5. АД-ның мамандары COVID-19-да оң нәтиже туралы зертханалық зерттеу хаттамасын алғаннан кейін пациенттен осы пациент бойынша эпидемиологиялық анамнез жинайды және COVID-19 Веб-қосымшасына енгізеді.

6. АД-ның мамандары CОVID-19-бен ауыратын науқастарымен байланыста болған адамдар шеңберін анықтағаннан кейін карантиндік іс-шараларды жүргізу үшін осы адамдар туралы мәліметтерді ҚДСБ-ға жібереді.

7. АД-ның мамандары COVID-19 Веб-қосымшасына стационарлық немесе үй карантинінің аяқталғаны туралы ақпаратты енгізеді.

8. АД-ның мамандары осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес CОVID-19 Веб-қосымшасына CОVID-19 жағдайының соңы (сауығу/өлім) туралы ақпаратты енгізеді.

 

1-кесте

 

COVID-19 жағдайымен байланыста болған адамдардың тізімі

 

COVID-19 жағдайының ТАӘ__________________________________________________

оның сәйкестендіру нөмірі его _____________________

ЖСН ______________________________

Диагноз қойылған күн_____________________

Бірінші симптомдар пайда болған күн (егер бар болған болса) ______________________

 

1А-кесте

Байланыста болған адамның сәйкестендіру нөмірі

Байланыста болған адамның ТАӘ

Жынысы

туған күні, айы, жылы

ЖСН

Үй мекенжайы

Ұялы телефон

Байланыс болған орын

- үйде

- ауруханада

- жұмыста

- саяхат тобы

- басқа көрсетіңіз

Байланыс болған орын (мекенжайы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«COVID-19 жағдайымен байланыста болған адамдардың тізімі» кестесіне қосымша

1Б-кесте

Байланыс болған күн және байланыс болған уақыт

COVID-19-бен ауыратын науқаспен қарым-қатынас

- отбасы мүшесі

- дос

- медицина қызметкері

- әріптес

- басқа _____

Байланыста болған адаммен байланыс:

- жұмыста

- телефон арқылы

- басқа анықталды, (деректерді ұсынудан жалтарады және т.б. нақтылау)

Байланыста болған адамды зертханалық тексеру

- тексерілді (тексерілген күнін көрсету),

- тексерілген жоқ

Тексеру нәтижесі/ нәтижені берген күні

Байланыста болған адамды бақылауды жүзеге асыратын медициналық ұйым

 

11

12

13

14

15

16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-кесте

 

Келесі медициналық бақылау үшін байланыста болған адамдардың деректерін беру нысаны

Жауапты эпидемиологтың ТАӘ және жұмыс орны ________________________________

Бақылауды жүзеге асыратын медициналық ұйым ___________________________

Жеткізу күні мен уақыты ________________________________________

 

ТАӘ

Жынысы

Туған күні, айы, жылы

ЖСН

Үй мекенжайы

Ұялы телефон

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

 

 

3-кесте

 

COVID-19 науқастың байланысын бақылау түрі

Деректерді жинады:

1. Тегі Аты Әкесінің (егер бар болса)

_______________________________________

2. Лауазымы: ____________________________

3. Жұмыс орны (ұйымның атауы, мекенжайы): _____________ ________________________________________

5. Ұялы телефон: _____________________________________

6. Электрондық почта: ______________________________________

Байланыста болған адамның деректері

1. Тегі Аты Әкесінің (егер бар болса) ________________________________________

2. Жынысы ______________________________

3. Туған күні, айы, жылы ________________________________________

4. ЖСН _________________________________

5. Үй мекенжайы (карантин орны): ____________________________________

7. Электрондық почта: _____________________________________

 

Бақылау қадағалау күнделігі (аурудың симптомдарын көрсету)

 

Күндер

Таңертең

Кешке

Күндер

Таңертең

Кешке

Бірінші күн

«___» _______

 

 

Бесінші күн

«___» _______

 

 

Екінші күн

«___» _______

 

 

Алтыншы күн

«___» _______

 

 

Үшінші күн

«___» _______

 

 

Жетінші күн

«___» _______

 

 

Төртінші күн

«___» _______

 

 

Сегізінші күн

«___» _______

 

 

 

4-кесте

 

COVID-19 жағдайын тіркеу журналы

 

№ р/н

Жағдайдың бірыңғай Идентификаторы

Кластердің /өңірдің нөмірі

Тегі Аты Әкесінің аты

Жынысы

Туған күні, айы,жылы, жасы (жас, ай)

Тұрғылықты мекенжайы

Азаматтығы

ЖСН

Жұмыс орны, лауазымы

Байланыс (ұялы және үй) телефоны

Емдеуге жатқызу орны

Жағдайдың мәртебесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 расталған

0 мүмкін болатын

0 күдікті

 

Кестенің жалғасы

 

№ р/н

Ауырған күні

Бірінші симптомның пайда болғаны

Симптомның болуы (жөтел, температура, тамақтың ауыруы және т.б.)

Зертханалық тестілеу

Пневмония (рентгенде немесе КТ)

Ағымдық мәртебе:

Эпидемиологиялық анамнез

Пациенттің мәртебесі (сырттан әкелінген, өздігінен жүгіну, байланыста болған, профскрининг)

Жауапты маманның ТАӘ

Қосымша мәліметтер/ Ескертпелер

Респираторлық үлгілерді жинау күні

Зерттеу нәтижесі

1

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

 

 

 

 

 

 

 

0 Тірі

0 Қайтыс болған