Автомобиль көлік құралын тоқтату туралы және автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талаптардың нысанын, сондай-ақ Автомобиль көлік құралын тоқтату туралы актіні және оның нысанын толтыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 621 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 18-1-бабының 1, 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес автомобиль көлік құралын тоқтату туралы талап нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талап нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Автомобиль көлік құралын тоқтату туралы актіні толтыру қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес автомобиль көлік құралын тоқтату туралы акт нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жариялануынан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.