Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 101 «Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 176 шешiмi
ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 101 «Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26001 болып тіркелген), келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 1 196 055 254,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 941 799 542 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 14 622 953,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 26 941 344 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 212 691 415 мың теңге;
2) шығындар – 1 155 724 638,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 17 803 551 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 62 881 701 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 63 311 701 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -40 354 636,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) – 40 354 636,2 мың теңге.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 11 296 040 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Қорғаныс шығындары 10 405 906 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті қамтамасыз ету бойынша шығындар 32 362 649 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Білім беру шығындары 326 499 890 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Денсаулық сақтау шығындары 43 191 495 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: