ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
(2025.17.12. берілген өзгерістермен)
«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.
2. Қоса берілген:
1) ҚР Президентінің 2025.17.12. № 1125 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.
4. «Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 маусымдағы № 908 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.