«Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 1427 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Азаматтар, мыналарды:
1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;
2) әскери қызметтен отставкаға шығарылған немесе запаста болудың шекті жасына толуына байланысты әскери есептен алып тасталған не әскери есептен алып тасталып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды;
3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдарды;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды;
5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ əскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоспағанда, әскери есепке алынуға жатады.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) азаматтарды жергілікті әскери басқару органдарына тіркеуді жүргізу тәртібі;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Азаматтардың әскери есепте тұру ұзақтығы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға (бұдан әрі - Заң) сәйкес айқындалады.
Жасы бойынша әскери міндеттілер мынадай есепке алу разрядына бөлінеді:
1) бірінші разрядта мыналар тұрады:
офицерлер құрамы - 50 жасқа дейінгіні қоса алғанда;
қатардағы және сержанттар құрамдары - 40 жасқа дейінгіні қоса алғанда;
2) екінші разрядта мыналар тұрады: