(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОРАТТЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУ...

Фармацевтикалық инспектораттың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 365-НҚ бұйрығы

(2022.28.12. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 21 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 244-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығымен бекітілген Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларының 8-тармағына, тиісті фармацевтикалық практикалар талаптарына сәйкестігіне инспекциялау жүргізу мақсатында, сондай-ақ тиісті фармацевтикалық практикалар сәйкестігіне инспекциялау принциптеріне тиісті фармацевтикалық практикаларына оқытуға байланысты БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес фармацевтикалық инспекторлардың тізілімі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің мына бұйрықтары жойылсын:

1) «Фармацевтикалық инспектораттың кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 329;

2) «Фармацевтикалық инспектораттың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрайымының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 329 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2018 жылғы 17 шілдедегі № 237.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары С.А. Ержановаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға

Б. Байсеркин

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасының м.а. 2022.01.12. № 441-НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.28.12. № 468-НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.