«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 299 бұйрығы (2021.15.03. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 299 бұйрығы

(2021.15.03. берілген өзгерістермен)

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген, 2015 жылы 26 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығында:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) басқарма - облыстар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы;

2) кепілдендірілген сатып алу бағасы - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жүзеге асырылатын, өзіндік құны мен рентабельділігі ескеріле отырып белгіленетін баға;

3) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші - мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес басқарма айқындайтын, иесі ретінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

4) нақты сатып алу бағасы - бір өтінім шеңберінде шот-фактураларға сәйкес ауыл шаруашылығы өніміне өңдеуші кәсіпорындар нақты төлеген орташа баға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.