«Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № А-7/194 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № А-12/304 Қаулысы
Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» 2021 жылғы 7 шілдедегі № А-7/194 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 23334 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақкөл ауданының әкімі | Ю. Курушин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау
комиссиясы
Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ А-12/304 қаулысына
қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
| № | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
| 1 | Ақкөл қаласы | Талғат Бигелдинов көшесі, 8, «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы № 3 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды. |
| Мир көшесі, 10, «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды. | ||
| Мәншүк Мәметова көшесі, 15, «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды. |