«Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 573 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 381-НҚ бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 27 наурыздағы № 129 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 161-НҚ бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 573 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 381-НҚ бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесінде:
реттік нөмірлері 14, 15 және 16-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 14. | Электр тізбектеріндегі кернеуді немесе электр қозғаушы күшті өлшеу | 0 В-тан артық 1000 В-ға дейін | ± (1%+3 крб) | |
| 15. | Ток күшін өлшеу | 0 А-ден артық 10 А-ға дейін | ± (1%+3 крб) | |
| 16. | Электрлік белсенді (омдық) кедергілерді өлшеу | 0 Ом-нан артық 20 МОм-ға дейін | ± (5% + 3 крб) |
»;
реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 22. | Су құбырындағы судың температурасын өлшеу | 0 °С-тан артық 100 °С-қа дейін | ± 1 °С |
»;
реттік нөмірлері 25 және 26-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 25. | Статикалық созылу күштерін өлшеу | 20 Н-нан артық 200 Н-ға дейін | дәлдік тобы 2-ден төмен емес | |
| 26. | Салмақты (массаны) өлшеу | 150 кг-ға дейін | ± 0,15 кг |
»;
реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 28. | Дыбыс деңгейін өлшеу | 30 дБ-ден артық 130 дБ-ға дейін | 1,5 дБ |
»;
реттік нөмірі 29-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 30 және 31-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«