«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 464 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 464 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың 31-тармағына сәйкес, БҰИЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған бекітілсін:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздік саясаты;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесі;

3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ақпаратты өңдеу құралдарымен байланысты активтерді сәйкестендіру, жіктеу және таңбалау қағидалары;

4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ақпаратты өңдеу құралдарымен байланысты активтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі ереже;

5) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Есептеу техникасы, телекоммуникациялық жабдық және бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын түгендеу және паспорттау қағидалары;

6) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі аудитін жүргізу қағидалары;

7) Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану қағидалары;

8) Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату қағидалары;

9) Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Интернет және электрондық поштаны пайдалану қағидалары;

10) Осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес аутентификация рәсімін ұйымдастыру қағидалары;

11) Осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес вирусқа қарсы бақылауды ұйымдастыру қағидалары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.