«Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 15 маусымдағы № 95 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

«Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 15 маусымдағы № 95 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 254 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17822 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»;

кіріспесі және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 77-1-бабының 8-тармағына, 90-2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары мен шарттары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары мен шарттары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындайды.»;

2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қамтамасыз ету - клирингтік қатысушылардың:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.