«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы

«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларында:

13-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13-2. Формативті бағалау нәтижелері басып шығару мен одан әрі сақтауды талап етпейді.

Формативті бағалаудың нәтижелерін ұсыну білім алушылармен орындалған жұмыстарда жүзеге асырылады.»;

14-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14-2. БЖБ үшін максималды балды, БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрау, эссе) мен сабағын және БЖБ орындау уақыты реттелмейді.

БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек.»;

14-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14-6. Пәндердің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үштен артық емес тоқсандық жиынтық бағалау жүргізуге болады. Олар тоқсан аяқталатын соңғы күні жүргізілмейді.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.