«Қазақстан Республикасының азаматтық пилотсыз авиациясын дамытудың 2025 – 2031 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 412 Қаулысы

Қазақстан Республикасының азаматтық пилотсыз авиациясын дамытудың 2025 - 2031 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 412 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық пилотсыз авиациясын дамытудың 2025 - 2031 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.

2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша):

1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

2) есепті жылдан кейінгі 1 сәуірге дейін Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне ұсынып тұрсын.

3. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі есепті жылдан кейінгі 1 мамырға дейін Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынып тұрсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 4 маусымдағы

№ 412 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының азаматтық пилотсыз авиациясын дамытудың

 2025 - 2031 жылдарға арналған тұжырымдамасы

 

Мазмұны:

 

1. Паспорт.

2. Азаматтық пилотсыз авиация саласын дамытудың ағымдағы жағдайын талдау.

3. Халықаралық тәжірибеге шолу.

4. Азаматтық пилотсыз авиация саласын дамыту пайымы.

5. Азаматтық пилотсыз авиация саласын дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері.

6. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер.

Қосымша: Қазақстан Республикасының азаматтық пилотсыз авиациясын дамытудың 2025 - 2031 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

 

 

 

1. Паспорт (негізгі параметрлер)

 

 

Атауы

Азаматтық пилотсыз авиациясын дамытудың 2025 - 2031 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.