(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАУАРЛАРДЫ, ЖҰМЫСТАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУДЫҢ Ж...

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларының нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 168 бұйрығы

 

Осы редакция 2023 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 131-бабының 6-тармағына және 179-бабының 6-тармағына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) бағдарламаларының нысаны;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларының нысаны;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларын көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қағаз және электрондық нұсқада оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.