(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БIЛIМ ТУРАЛЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҮЛГIДЕГI ҚҰЖАТТАРДЫҢ БЛАНК...

Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 519 бұйрығы

(2018.21.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 2 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.29.01. № 113 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.21.09. № 483 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 22) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.29.01. № 113 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.21.09. № 483 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қағидалар бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.