«Түсті металдардан жасалған дайындамалар мен құймаларды әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 333 бұйрығы

Түсті металдардан жасалған дайындамалар мен құймаларды әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 333 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Қазақстан Республикасының аумағынан түсті металдардан жасалған дайындамалар мен құймаларды көліктің барлық түрлерімен Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары 7402 00 000 0 - тазартылмаған мыс, электролиттік тазартуға арналған мыс анодтары, 7403 13 000 0 - илектеуге арналған дайындамалар, 7403 29 000 0 - өзге де мыс қорытпалары (7405 тауар позициясының лигатураларынан басқа), 7413 00 000 - бұралған сым, кабельдер, өрілген сымдар және электр оқшаулаусыз мыстан жасалған ұқсас бұйымдар, 7413 00 000 1 - тазартылған мыстан жасалған, 7413 00 000 8 - өзгелерін, 7601 20 200 9 - өзгелерін, 7801 91 000 0 - құрамында басқа элементтер арасында массасы бойынша басым элемент ретінде сүрме бар, 7801 99 100 0 - тазартуға арналған, құрамында 0,02% салм. немесе одан астам күміс (қара қорғасын немесе веркебли) 7801 99 900 0 - өзгелерін әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.