«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2020 жылғы 3 наурыздағы № 78 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9890 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда мындай ұғымдар қолданылады:
1) вагон-норма - сұйытылған мұнай газының отыз алты тоннаға тең салмағы;
2) жиынтық өтінім - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүгінуі;
3) өнім беруші - өнім беру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру және өткізу міндеті Заңмен жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі;
4) өтінім - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, оны:
газ желісі ұйымдары;
мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар;
сұйытылған мұнай газының сауда-саттығына қатысушылар ұсынады.