«Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 171 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 264 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 154 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 331 бірлескен бұйрығы

 «Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 171 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 264 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 154 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 331 бірлескен бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 171 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 264 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36798 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталы - www.e-Qazyna.kz электрондық мекенжайы бойынша интернет желісінде орналасқан, мемлекеттік мүлік тізілімнің деректеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

2) уәкілетті орган - қарамағында мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдары болатын дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқарушы орган, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың атқарушы органы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.