«Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 15 шiлдедегi № 173-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026 жылғы 16 шілдедегі № 218-НҚ бұйрығы

«Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 15 шiлдедегi № 173-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026 жылғы 16 шілдедегі № 218-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 15 шiлдедегi № 173-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36459 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламентте:

1-тармақ келесі мазмұнда жазылсын:

«1. Осы Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламент (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 70-бабы 2-тармағына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және гидротехникалық құрылысжайлардың (бұдан әрі - ГТҚ) қауіптілігі ықтимал нысандарға жататын түрлерін, сондай-ақ оларды жобалау, салу, пайдалану, реконструкциялау, консервациялау немесе жою кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын айқындайды.»;

2-тармақ келесі мазмұнда жазылсын:

«2. Осы Регламентте мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1) авариялық жағдай - жоба бойынша қарастырылмаған сыртқы әсерлердің нәтижесінде, құрылысжай материалдарының және оның іргетас топырағы қасиеттерінің өзгеруі не болмаса гидромеханикалық жабдықтың сенімділігінің төмендеуі нәтижесінде құрылысжайдың немесе оның іргетасының жұмысқа жарамдылығының төмендеуі, сондай-ақ техникалық себептер бойынша да, құрылысжайлардың тұстамасынан төмендегі суағарлардың рұқсат етілген су режимі шарттарымен байланысты шектеулерге байланысты да су жіберетін құрылысжайлардың өткізу қабілетінің төмендеуі нәтижесінде ГТҚ авариясының туындау қаупі;

2) бөгет - судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуiш ГТҚ;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.