2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 40-бабы 1-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 64-НҚ нормативтік қаулысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Е.Ә. Оңғарбаев, Р.А. Подопригора және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,
өтініш субъектісі Д.Е. Жумабекованың өкілі - адвокат С.В. Сизинцевтің,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Бас Прокурордың кеңесшісі Т.Б. Адамовтың,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі - Заңнама департаментінің директоры Д.А. Сүлейменовтің,
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі - Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары А.Ж. Алпамышовтың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ж.С. Тасболатовтың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.А. Сартаеваның,
Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілі - Заңнаманың тиімділігін талдау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Б. Тебаевтың,
Парламентаризм институтының өкілі - атқарушы директор А.К. Канатовтың,
Республикалық нотариаттық палатаның өкілі - атқарушы директор Г.О. Рыспекованың қатысуымен,
өзінің ашық отырысында Д.Е. Жумабекованың 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - Жер кодексі) 40-бабы 1-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.