Осы редакция 2018 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігінің
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитеті төрағасының
2017 жылғы 14 қарашадағы
№ 249-нқ бұйрығына
2-қосымша
Құрылыстағы үстеме шығыстардың және сметалық пайданың шамасын айқындау жөніндегі
нормативтік құжат
1. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылыстағы үстеме шығыстардың және сметалық пайданың шамасын айқындау жөніндегі нормативтік құжат (бұдан әрі - Нормативтік құжат) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын есептеу кезінде үстеме шығыстардың және сметалық пайданың шамасын айқындауға арналған.
2. Нормативтік құжаттың мақсаты мемлекеттік инвестициялар есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер үшін ағымдағы бағалардағы үстеме шығыстардың және сметалық пайданың шамасын айқындау жөніндегі бірыңғай әдістемелік негіз жасау болып табылады. Қаржыландырудың басқа көздері есебінен тұрғызылатын объектілер бойынша осы Нормативтік құжаттың ережелерінің ұсынымдық сипаты болады және анықтама материалы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
3. Осы Нормативтік құжаттың нормативтік-әдістемелік ережелері ағымдағы бағаларда құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі қолданыстағы сметалық-нормативтік базаның талаптарына негізделген.