(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕМЕЛЕР ЭКИПАЖДАРЫНЫҢ ЕҢ АЗ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК БЕ...

Осы редакция 2016 жылғы 15 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 673 бұйрығына 3-қосымша

 

 

 «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚО);

2) www.egov.kz, «электрондық үкіметтің» веб порталы (бұдан әрі - портал)

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік.

 

 

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) басталуы үшін электронды тапсырыс және (немесе) «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11369 болып тіркелген) «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсыну негіз болып табылады (бұдан әрі - стандарт).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.