«Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 335 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 2 қазандағы № 250 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 343-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24386 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшадағы «Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар шеңбері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: