«Суармалы егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 79 қаулысымен бекітілген) (2019.03.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.13.11. № 256 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті алып тасталды

Жамбыл облысы әкімдігінің

2016 жылғы 4 наурыздағы

№ 79 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Суармалы егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстыруға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.03.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Суармалы егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Суармалы егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.03.06. № 125 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.03.06. № 125 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыру туралы шешімі немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.