(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ШЕКТ...

Осы редакция 2020 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.19.08. № 356 бұйрығымен 5-қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы 13 тамыздағы

№ 345 бұйрығына 5-қосымша

 

 

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде

 балаларға қосымша білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша

әдістемелік ұсынымдар

(2020.19.08. берілген толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы әдістемелік ұсынымдар 2020-2021 оқу жылында карантин шараларын сақтау жағдайында әр түрлі форматтағы оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы сапалы білім беру қызметін көрсету үшін балаларға қосымша білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - БҚББ ұйымдары) басшылары мен педагогтеріне көмек ретінде әзірленді.

2. Оқыту форматтары әр аумақтың бас санитарлық дәрігерінің шешімін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әрбір нақты өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды негізге ала отырып, әртүрлі болады.

Қосымша білім беру ұйымдары келесі форматтарда жұмыс істейді:

1) қашықтық форматындағы сабақтар;

2) штаттық режимде жеке сабақтар (балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде);

3) 5 адамға дейінгі шағын топтардағы сабақтар (балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде).

3. Дәстүрлі оқыту (штаттық формат) - әрбір нақты өңірде санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайда санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, штаттық режимде оқыту процесін ұйымдастыру.

БҚББ ұйымдарының штаттық режимдегі жұмысы әр өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады.

4. Қашықтан оқыту - педагог пен білім алушы арасындағы тікелей байланыссыз қашықтан оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген оқыту процесін ұйымдастыру.

 

 

2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудың тәртібі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.