(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МИКРОҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ...

Предыдущая страница

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (2024 ж. 23 қазаннан бастап жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)

3-5. Микроқаржы ұйымының жеке тұлғаны биометриялық сəйкестендіруді жүргізбей онымен интернет арқылы микрокредит беру туралы шарт жасасуына тыйым салынады, оны жүргізу тəртібін уəкілетті орган айқындайды.

Микроқаржы ұйымы осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтамай, жеке тұлғамен интернет арқылы микрокредит беру туралы шарт жасасқан жағдайда, микроқаржы ұйымы мұндай микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес жəне мұндай микрокредит беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оныншы бөлікте көзделген шараларды осы баптың 3-3-тармағы он бірінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, қабылдайды.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-6-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-6. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілердің кредиттік есебінде оны мерзімді əскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымының осындай əскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарында мерзімді əскери қызметті өткеруі кезеңінде микрокредиттер беруіне тыйым салынады.

Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару туралы мəліметтер алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, дербес деректерді жинау, өңдеу жəне пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.

Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, əскери қызметтегі əскери қызметшінің кредиттік есебінде оны мерзімді əскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымы осындай əскери қызметшіге микрокредит берген жағдайда микроқаржы ұйымы мұндай микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес жəне мұндай микрокредит беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы баптың 3-3-тармағының оныншы бөлігінде көзделген шараларды қабылдайды.

4. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Екінші абзац 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2016 ж. 1 шілдеден бастап жасалған шарттарға қолданылды

Жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметке байланысты емес микрокредит беру туралы шарт жасасқанға дейін микроқаржы ұйымы жеке тұлғаға уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіпке сәйкес микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу көздемейтін микрокредит беру шарттарын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінен басқа, микроқаржы ұйымының микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты және микрокредит беру туралы шартта көзделген комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу құқығы көзделетін микрокредит беру шарттарын таңдау үшін беруге міндетті.

Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттарда микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесін, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқылы емес.

Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы мәселені қарау кезінде өз әдістемесі негізінде есептелген қарыз алушы (өтініш беруші) жеке тұлғаның кредиттік скорингін немесе кредиттік бюро берген кредиттік скорингті ескереді.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Кез келген валютаның баламасына байланыстырылып, теңгемен берілген микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені және төлемдерді индекстеуге жол берілмейді.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттың талаптарын, қарыз алушы үшін оларды жақсарту жағдайларын қоспағанда, біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.

Осы тармақтың мақсаттары үшін:

тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгерту немесе толық жою;

микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту;

микрокредит бойынша сыйақыны есепке жазбай, қарыз алушының мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш пен есепке жазылған сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру қарыз алушы үшін микрокредит беру туралы шарттың талаптарын жақсарту деп түсініледі.

Микроқаржы ұйымы жақсарту талаптарын қолданған жағдайда, қарыз алушы микрокредит беру туралы шартта көзделген тәртіппен микрокредит беру туралы шарт талабының өзгергені туралы хабардар етіледі.

Қарыз алушы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде, микроқаржы ұйымы қолданған жақсарту талаптарынан микрокредит беру туралы шартта көзделген тəртіппен бас тартуға құқылы.

2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Микроқаржы ұйымы банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында саудасаттық өткізу арқылы мынадай мүлікті:

бұрын микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылған, оған өндіріп алуды қолдану нəтижесінде микроқаржы ұйымының меншігіне өткен кепіл мүлкін;

микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемін алуы нəтижесінде микроқаржы ұйымының меншігіне түскен мүлікті өткізуге міндетті.

Микроқаржы ұйымының меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікті микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымының меншігіне өткен күннен бастап үш жыл ішінде өткізуге тиіс. Жер учаскесін өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалады.

Осы тармақта белгіленген талаптар ломбардтарға қолданылмайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлік сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген, банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу қағидаларына сəйкес тікелей атаулы сату арқылы өткізілуі мүмкін.

 

4-бап. Микрокредит беру туралы шарт

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Микрокредит беру туралы шарт мәміленің жазбаша нысанына қойылатын Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптары ескеріле отырып жасалады.

2. Микроқаржы ұйымы жасаған микрокредит беру туралы шарт жөніндегі ақпарат Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында айқындалған талаптарда мемлекет қатысатын кредиттік бюроға міндетті түрде берілуге жатады.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Микроқаржы ұйымы сомасы уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмейтін тұтынушылық микрокредитті беруге құқылы емес.

Осы тармақта белгіленген талаптар ломбард немесе кредиттік серіктестік жасасатын микрокредит беру туралы шарттарға қолданылмайды.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 тамыздан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібі, оның ішінде шарттың және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төлем сомасы, микрокредит нысанасы) туралы ақпаратты қамтитын бірінші бетінің мазмұнына, ресімделуіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптар, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысаны бекітіледі.

3-1. 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4-1. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) үшінші тұлғаға берілген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қарыз алушының өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына қолданылады, ал микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қарыз алушының сервистік компаниямен құқықтық қатынастарына қолданылады.

Өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген үшінші тұлғаның, сондай-ақ сервистік компанияның Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

5. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi, қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылды); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Жеке тұлғаға берілген тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шартты орындау талаптарын өзгерту немесе жеке тұлғаға берілген тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті өтеу мақсатында жаңа микрокредит беру кезінде мерзімі өткен сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) негізгі борыш сомасына капиталдандыруға (жинақтап қосуға) жол берілмейді.

2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Жеке тұлғамен жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес және тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілмеген микрокредит беру туралы шартты орындау талаптарын өзгерту немесе жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес және тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілмеген микрокредитін өтеу мақсатында жаңа микрокредит беру кезінде негізгі борыш сомасына капиталдандырылған (жинақтап қосылған) мерзімі өткен сыйақыға, тұрақсыздық айыбына (айыппұлдарға, өсімпұлдарға) сыйақыны есепке жазуға жол берілмейді.

 

5-бап. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері уəкілетті органның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.

2. Берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидасын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттарда, сондай-ақ микрокредиттер бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.

3. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

6-бап. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету

1. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауы Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсiлдермен қамтамасыз етiледi.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді

1-1-тармақтың бірінші - он төртінші абзацтары 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылды

1-1. Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушының жүргізген төлем сомасы, егер бұл қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:

1) негізгі борыш бойынша берешек;

2) сыйақы бойынша берешек;

3) микрокредит беру туралы шартта айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);

4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;

5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;

5-1) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) микроқаржы ұйымының орындауды алу бойынша шығасылары.

Осы тармақта белгіленген талаптар ломбард жасасатын микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.

2. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Жеке тұлғамен жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні ішінде мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін мерзімі өткізіп алынған төлем сомасының 0,5 пайызынан аспауға тиіс, мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні өткеннен кейін мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін мерзімі өткізіп алынған төлем сомасының 0,03 пайызынан аспауға, бірақ микрокредит беру туралы шарт қолданылатын әрбір жылға берілген микрокредит сомасының он пайызынан артық болмауға тиіс.

 

7-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтары мен мiндеттерi

1. Микроқаржы ұйымы:

1) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) осы Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаға беруге;

2) микрокредиттер беру қағидаларында айқындалған, микрокредит беру туралы шартты жасау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажетті құжаттар мен мәлiметтердi қарыз алушыдан (өтініш берушіден) сұратуға;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) қарыз алушының өтініші бойынша тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу мақсатында екінші деңгейдегі банктер арқылы микрокредитті үшінші тұлғаға аударуды жүзеге асыруға;

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және микрокредит беру туралы шартта белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2. Микроқаржы ұйымы:

1) орналасқан жерi өзгерген не атауы өзгерген жағдайда бұл туралы уәкілетті органға, сондай-ақ қарыз алушыларды (өтініш берушілерді) микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша, сондай-ақ қарыз алушы (өтініш беруші) - жеке тұлғаның заңды мекенжайы бойынша және қарыз алушы (өтініш беруші) - заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша екi баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi ақпарат жариялау арқылы не мұндай өзгерiстер болған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде әрбір қарыз алушыны (өтініш берушіні) жазбаша хабардар ету арқылы жазбаша хабарлауға;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) қатысушылардың (акционерлердің) құрамы өзгерген жағдайда, бұл туралы және қатысушылардың (акционерлердің) осы Заңның 14-бабы 6-тармағының талаптарына сай келуі туралы уәкілетті органға мұндай өзгеріс болған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазбаша хабарлауға;

2) микрокредиттер беру қағидаларының көшiрмесiн микроқаржы ұйымы қарыз алушысының (өтініш берушісінің) көруі және онымен танысуы үшін қолжетiмдi жерде, оның ішінде микроқаржы ұйымының интернет-ресурсы бар болса, сонда орналастыруға;

3) өтініш берушіге микрокредитті алуға, оған қызмет көрсетуге және оны өтеуге (қайтаруға) байланысты төлемдер туралы толық және анық ақпарат беруге;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) микрокредит беру туралы шартты жасасқанға дейін өтініш берушіге микрокредитті өтеу әдісімен танысу және оны таңдау үшін түрлі әдістермен есептелген өтеу кестелерінің жобаларын беруге міндетті. Қарыз алушыға микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға беретін микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемесіне және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген осындай микрокредиттер бойынша сыйақыны есептеуге арналған уақытша базаларға сәйкес микрокредит беру туралы шартта белгіленген кезектілікпен есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің жобалары мынадай өтеу әдістерімен міндетті түрде ұсынылуға тиіс:

сараланған төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомаларын және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақыны қамтитын азайтылып отыратын төлемдермен жүзеге асырылады;

аннуитеттік төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша ұлғайтылып отыратын төлемдерді және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақы бойынша азайтылып отыратын төлемдерді қамтитын микрокредиттің бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады. Бірінші және соңғы төлем мөлшерлері бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін.

Микроқаржы ұйымы микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің қосымша жобаларын ұсыныуы мүмкін.

4-1) 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) қарыз алушыға (өтініш берушіге) микрокредит алуға байланысты оның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда ықтимал салдары туралы ақпарат беруге;

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді хабарлауға;

6) микрокредит беру құпиясын сақтауға;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді

7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыруға және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құруға міндетті.

Осы тармақшада белгіленген талап ломбардтарға қолданылмайды;

8) уәкілетті орган белгiлеген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оларды есептеу әдістемесін сақтауға;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген, микроқаржы ұйымы қарыз алушысының борыштық жүктемесі коэффициентін есептеу тәртiбiн және оның шекті мәнін сақтауға міндетті.

Осы тармақшада белгіленген талап ломбардтарға қолданылмайды;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда

9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық жəне өзге де есептілікті ұсынуға;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

9-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтердің жəне сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуы туралы есептілікті ұсынуға;

10) уәкілетті орган анықтаған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жоюға;

11) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

11-1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда микрокредит беруден бас тартуға;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 11-2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11-2) мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерге микрокредит беру туралы шарт бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен микрокредит бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті.

Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда микрокредиттің болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мəліметтерді алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.