Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу жəне пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады;
12) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) сыйақы мөлшерлемелерін (оларды төмендету жағдайларын қоспағанда) және (немесе) микрокредиттi өтеу тәсiлi мен әдісін біржақты тәртіппен өзгертуге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) банктік қарыз жəне (немесе) микрокредит бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаға кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті беруге құқылы емес.
Осы тармақшада белгіленген талап жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банк тік қарызын жəне (немесе) микрокредитін өтеу мақсатында сыйақы мөлшерлемесін жəне (немесе) мерзімді төлемдер мөлшерін азайту жағына қарай өзгертуді жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуді немесе толық жоюды көздейтін жақсарту талаптарында берілетін микрокредиттерге, сондай-ақ ломбардтардың міндетті тіркелуге жатпайтын жылжымалы мүлікті кепілге қойып беретін микрокредиттеріне қолданылмайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді, бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, сыйақыны және микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, 2025 ж. 31 тамыздан бастап төленген төлемдер қайтарылуға жатпайды.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, сыйақыны және микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, 2025 ж. 31 тамыздан бастап есепке жазылған және төленбеген төлемдер есептен шығарылуға жатады.
1-2) микрокредит сомасын қайтару жəне кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит бойынша сыйақыны төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін сыйақыны жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемді белгілеуге жəне қарыз алушыдан (өтініш берушіден) алуға;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-3) кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты микрокредит бойынша сыйақыны жəне тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемді белгілеуге жəне қарыз алушыдан (өтініш берушіден) алуға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жеке тұлға болып табылатын, микроқаржы ұйымына микрокредит сомасын мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтарған қарыз алушыдан микрокредитті мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және басқа да төлемдерді талап етуге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) кепілге салынған заттарды пайдалануға және оларға билік етуге;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қарыз алушы - жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредиті бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік тоқсан күні өткен соң есепке жатқызылған сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап етуге құқылы емес.
Осы тармақшаның талабы микрокредит беру туралы шартқа, егер оны жасасу күні негізгі борыш сомасы тіркеуге жататын мүлік кепілімен және (немесе) ақша кепілімен толық қамтамасыз етілген болса, қолданылмайды;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) қарыз алушы - жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредиті бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткен соң есепке жазылған сыйақыны, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап етуге;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6) микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушыдан борыш сомасын өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларымен ынтымақтастықты көздейтін шарттарды жасасуға, сондай-ақ «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына жəне (немесе) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 1-тармағына сəйкес микроқаржы ұйымының үлестес тұлғасы болып табылатын жеке сот орындаушысымен атқарушылық құжатты орындау шарттары туралы келісім (шарт) жасасуға;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7) «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына жəне (немесе) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 1-тармағына сəйкес микроқаржы ұйымының үлестес тұлғасы болып табылатын нотариусқа нотариаттық əрекеттер жасау үшін жүгінуге;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8) жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімін оның келісімінсіз жəне микрокредит беру туралы шарттың талаптарын сақтауды не жақсартуды қамтамасыз етпейтін талаптармен ұлғайтуға құқылы емес.
8-бап. Өтініш берушінің құқықтары мен мiндеттерi
1) микрокредиттер беру қағидаларымен, микроқаржы ұйымының микрокредиттер беру тарифтерімен танысуға;
2) микрокредитті алуға, оған қызмет көрсетуге және оны өтеуге (қайтаруға) байланысты төлемдер туралы толық және анық ақпарат алуға;
3) микрокредит беру туралы шарт жасасудан бас тартуға құқылы.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өтініш беруші микроқаржы ұйымына микрокредит беру туралы шарт және қарыз алушының міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін шарттар жасасу үшін қажетті, микрокредит алуға қажетті құжаттардың тізбесінде, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнаманы жүргізу тәртібінде айқындалған құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
3. Өтініш берушінің осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.
9-бап. Қарыз алушының құқықтары мен мiндеттерi
1) микрокредиттер беру қағидаларымен, микроқаржы ұйымының микрокредиттер беру тарифтерімен танысуға;
2) алған микрокредитке микрокредит беру туралы шартта белгіленген тәртіппен және талаптармен билік етуге;
3) өз құқықтарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қорғауға;
4) микрокредит беру туралы шарт бойынша берілген микрокредит сомасын микроқаржы ұйымына мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтаруға;
4-1) 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 21 желтоқсаннан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және микрокредит беру туралы шартта белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
1) микрокредит беру туралы шартта белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен алынған микрокредиттi қайтаруға және ол бойынша сыйақыны төлеуге;
2) микроқаржы ұйымы осы Заңға сәйкес сұрататын құжаттар мен мәлiметтердi беруге;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында және микроқаржы ұйымымен жасалған шарттарда белгіленген өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 9-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-1-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру тəртібі
1 - 3. 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мынадай талаптардың бірі сақталған кезде:
құқықтарды (талап етулерді) сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай ұйым қызметі түрлерінің бірі болып табылғанда;
құқықтарды (талап етулерді) сатып алу жеке тұлғаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар немесе мемлекеттік органдардың құқықтық актілері шеңберінде жүзеге асырылғанда, құқықты (талап етуді) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдарға беруді қоспағанда, микроқаржы ұйымының жеке тұлғамен жасасылған және тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Микроқаржы ұйымының құқықтарды (талаптарды) мынадай тұлғаларға:
екінші деңгейдегі банкке;
коллекторлық агенттікке;
микроқаржы ұйымына;
секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына;
микроқаржы ұйымы қамтамасыз етілген облигацияларды шығарған немесе қарыз алған кезде микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтарын кепіл ұстаушы - заңды тұлғаға;
қаражатты микроқаржы ұйымдарында шартты түрде орналастыру арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі мәміле шеңберінде жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша - жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорына;
қарыз алушы - жеке тұлғаға кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты микрокредит беру туралы шарт бойынша, қарыз алушы - заңды тұлғаға микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты, егер көрсетілген микрокредиттер бойынша басқаға беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес құнсыздану белгілері болса, өзге тұлғаға беруді қоспағанда, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
осы тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлға микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) мынадай жағдайлардың бірінде:
құқықтар (талаптар) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты микрокредит беру туралы шарты бойынша алынғанда;
құқықтар (талаптар) берешегінің мөлшері басқаға беру күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 16 500 еселенген мөлшерінен аспайтын заңды тұлғаның микрокредит беру туралы шарты бойынша алынғанда;
егер өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына береді.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:
1) коллекторлық агенттік жарғылық капиталының, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы бас ұйымының меншік капиталының мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең аз мәннен төмен емес мәнді құрағанда;
2) қызметті:
банкке немесе банк холдингіне банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын еншілес ұйым құруына рұқсат берілген;
коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген кезден бастап үш жыл бойы жүзеге асырғанда;
3) сервистік компаниялар тізіліміне енгізу күніне уәкілетті орган қолданған орындалмаған және (немесе) қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары немесе шектеулі әсер ету шаралары және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-1-бабында және 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар болмағанда;
4) сервистік компанияның бірінші басшысында алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы болмағанда;
5) сервистік компания уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келгенде сервистік компанияға берілуі мүмкін.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Сервистік компанияны сервистік компаниялар тізілімінен шығару сенімгерлік басқару шартын бұзу үшін негіз болып табылады.
Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлға микрокредит беру туралы шарт бойынша өзіне берілген құқыққа (талапқа) қатысты кредитордың құқықтарын сервистік компаниямен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде не осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қайта беру арқылы іске асырады.
Сервистік компаниямен сенімгерлік басқару шарты бұзылған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлға басқа сервистік компаниямен жаңа сенімгерлік басқару шартын жасасуға не құқықтарды (талаптарды) осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қайта беруге міндетті.
Осы тармақтың талаптары осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Басқаға беру күнінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес құнсыздану белгілері бар микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді микроқаржы ұйымы мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады:
1) құқықтарды (талаптарды) осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің бесінші, алтыншы жəне жетінші абзацтарында көрсетілген тұлғаларға беруді қоспағанда, пайдасына микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілетін тұлға банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында микроқаржы ұйымы өткізетін осы құқықтарға (талаптарға) қатысты сауда-саттық нəтижелері бойынша айқындалады;
2) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру осы баптың 5-тармағында белгіленген шектеулер мен қағидалар сақтала отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақта белгіленген талаптар ломбардтарға қолданылмайды.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-2-тармақтың қолданысы 2026 ж. 1 мамырға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
5-2. Микроқаржы ұйымының жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті беру туралы шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруді жүргізуіне тыйым салынады.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе микрокредит беру туралы шартта өзгеше көзделмесе, микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) қарыз алушының келісімінсіз басқаға беруге құқылы емес.
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Микроқаржы ұйымы мүлік кепілімен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талапты) осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға құқық (талап) басқаға берілгенге дейін соңғы алты ай ішінде «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізген мүлік құнын бағалаусыз беруге құқылы емес.
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Бір қарыз алушыға қатысты микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды), бұл құқықтар (талаптар) секьюритилендіру мәмілесінің нысанасы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (бұдан әрі - басқаға беру шарты) жасалған кезде, микроқаржы ұйымы:
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) басқаға беру шарты жасалғанға дейін кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы - жеке тұлғаны микрокредитті беру туралы көрсетілген шарт бойынша кредитордың құқықтарын (талаптарын) үшінші тұлғаға берудің жоспарланып отырғаны, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні (берілетіні) туралы микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен, сондай-ақ микроқаржы ұйымына «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сəйкестендіру құралдарын қолдану арқылы клиент-жеке тұлғаны сəйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан əрі - ақпараттандыру объектілері) арқылы хабардар етуге;
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтардың (талаптардың) үшінші тұлғаға өтіп кеткені туралы, басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, микрокредит беру туралы шарт бойынша одан әрі төлемдерді үшінші тұлғаға (өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның не микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда - сервистік компанияның атауын, орналасқан жерін және банктік деректемелерін) жүзеге асыру қажеттілігін, микрокредит беру туралы шарт бойынша берілген құқықтардың (талаптардың) көлемін, микрокредит беру туралы шарт бойынша берешектің мөлшері мен құрылымын (негізгі борышты, сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және төленуге жататын басқа да сомаларды көрсете отырып, хабардар етуге;
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не сервистік компанияға (микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда) мынадай құжаттарды:
микрокредит беру туралы шартты;
кепіл шартын және кепіл затына құқық белгілейтін құжаттарды (микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда);
кепілгерлік немесе кепілдік шартын (микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепілдікпен қамтамасыз етілген жағдайда);
құқықтарды (талаптарды) басқаға беру күніне қарыз алушы берешегінің есеп-қисабын;
қарыз алушымен наразылық хат алмасуды (бар болса);
қарыз алушы-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, қарыз алушы - жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін;
қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттарды;
кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттарды (бар болса);
басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттарды беруге міндетті.
Барлық құқықтар (талаптар) қарыз алушыға берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап) берілген тұлғаға өзінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын береді, ал микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары сервистік компанияға беріледі.
Қарыз алушыға қойылатын құқықтардың (талап етулердің) бір бөлігі басқаға берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы осындай құқықтарды (талап етулерді) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы, ал микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтардың (талаптардың) бір бөлігі сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері сервистік компанияға беріледі.
Микроқаржы ұйымы, өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға, сервистік компания микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады;
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) басқаға беру шарты жасалғаннан кейін микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өтеу есебіне алынған ақшаны өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның банктік шотына әрбір қарыз алушы бойынша төлемдердің таратып жазылуын бере отырып, аударуға міндетті.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша микроқаржы ұйымының құқығы (талабы) берілген тұлғаның осындай құқықты (талапты) осы бапта көзделген шарттарды сақтамай, басқаға беруіне тыйым салынады.
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
9-2-бап. Берешекті реттеу шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың өткізіп алынған мерзімі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен жəне мерзімдерде, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы қарыз алушыны: