Атырау облысы әкімдігінің 2018.27.02. № 19 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 10 шілдедегі
№ 207 қаулысына 2-қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 10 шілдедегі
№ 207 қаулысымен бекітілген
Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 304 Қаулысымен күші жойылды
Атырау облысы әкімдігінің 2019.20.06. № 126 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.20.06. берілген өзгерістермен)
Атырау облысы әкімдігінің 2019.20.06. № 126 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Атырау қаласы мен Атырау облысы аудандарының жергілікті атқарушы органдары - Атырау қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.