Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 2 қарашадағы № 299-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Cауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
2026 жылғы 2 қарашадағы
№ 299-НҚ бұйрықпен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын реттеу, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын реттеу саласындағы тиісті заңдарымен реттелетін тауарлардың жекелеген түрлерінің (дәрілік препараттар, медициналық бұйымдар, темекі, алкоголь) айналымы бойынша;»;