Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақыларын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 28 шілдедегі № 552 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақыларын есептеу және төлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
1) «Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 464 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 8094 болып тіркелген);
2) «Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 464 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 536 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 17007 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;