(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ӘСКЕРИ...

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 34 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 3-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 170) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығының мазмұны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.