15-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қоғам «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді және ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға міндетті.».
20. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат):
1) 1-баптың 12-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 3-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;»;
20-тармақтың 2) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) төлем ұйымдары;»;
16) тармақшадағы «тұлғалар;» деген сөз «тұлғалар жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 17) тармақша алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларындакөрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.»;
3) 5-бапта:
3-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) электрондық ақшаны иеленуші сәйкестендірілмеген жеке тұлғалар «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 4-тармағында көзделген сомадан аспайтын электрондық ақшаны сатып алу және пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде;»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингінің басқа субъектілерін қоса алғанда, өзге адамдарға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды осындай адамдармен жасалатын шарттар негізінде қолдануға құқылы.
Шарт негізінде өзге адамға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шаралар қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі:
1) осындай адамның шарт талаптарын ескере отырып, қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын сақтауын қамтамасыз етуге;
2) растау құжаттарының көшірмелерін қоса алғанда, осындай адамнан клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді уақтылы алуды қамтамасыз етуге;
3) осындай адамның қаржы мониторингі субъектісін ішкі бақылау қағидаларын, сондай-ақ осы Заңның және клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтауын бақылауды мерзімділік негізде жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің өзге адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда осындай қаржы мониторингі субъектілерінің атынан қаржылық қызметтерді көрсету шарттарын жасасуға құқық беру жағдайларына да қолданылады.
Шарт негізінде өзге адамға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шаралар қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі осындай адамның осы Заңның және клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауы үшін жауапты болады.».
4) 10-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 6), 8) - 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері - операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен;»;
5) 11-баптың 3-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар белгіленетін, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 8), 13) - 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін, сондай-ақ кредиттік серіктестіктерді қоспағанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша қойылатын талаптар уәкілетті органның және тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»;
6) 16-баптың 13-1) және 13-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13 - 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды жүзеге асырады;
13-2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13) - 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;».
21. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат):
1) 12-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) борышкер атқарушылық құжатты iшiнара орындағанда, сот орындаушысы бұл жөнінде атқарушылық құжатқа белгі қояды;»;
2) 58-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Борышкердiң мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шоттағы ақшасына тыйым салуға жол берілмейді.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Борышкердiң мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шотынан ақша өндіріп алуға жол берілмейді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инкассолық өкім берілген банктік шотта ақша болмаған не жеткіліксіз болған кезде ақшаны өндіріп алу борышкердің теңгедегі не төлем жасалған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп айқындаған тәртіппен белгіленетін валютаның нарықтық айырбастау бағамықолданыла отырып, шетелдік валютадағы басқа банктік шотынан (шоттарынан) жүргізіледі. Осы тармақта көзделген жағдайларда инкассолық өкімді сақтау және орындау оның толық орындалуына не клиенттің таратылуына немесе клиенттің банктік шотында бір жылдан астам уақыт ақша болмауына байланысты банктің банктік шотты жабуына дейін борышкердің банктік шоттарына ақшаның түсуіне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Атқарушылық құжат ішінара орындалған кезде сот орындаушысы атқарушылық құжатқа төленген сома туралы белгі қояды.»;
3) 62-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Борышкердің банктік шоттарының бар екендігі туралы ақпарат болған кезде банктік шоттардағы ақшаға (мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны қоспағанда) және борышкердің банктегі басқа да мүлкіне тыйым салуды сот орындаушысы сот санкциясымен ғана қолданады.»;
4) 95-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бiр немесе бiрнеше атқарушылық құжат бойынша борышкердiң жалақысына немесе өзге де кіріс түрлерiне өндiрiп алу қолданылған кезде борышкер жалақысының немесе өзге де кірісінің кемiнде елу пайызы сақталуға тиiс.
21-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацы осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап шығарылған атқарушылық құжаттарды орындауға қолданылады
Бұл ретте, алименттерді өндіріп алу және мертіккеннен немесе денсаулығы өзгеше зақымданғаннан, сондай-ақ асыраушының қайтыс болуынан келтiрiлген зиянды өтеу жағдайларын қоспағанда, борышкерде сақталатын сома республикалық бюджет туралы заңда жыл сайын тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен кем болмауға тиіс.»;
5) 97-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«97-бап. Әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi жәрдемақыға өндіріп алуды қолдану
Еңбекке уақытша жарамсыздығы кезiнде төленетiн әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi жәрдемақыларға, сондай-ақ оқушылардың стипендиялары мен жұмыссыздық жөнiндегi жәрдемақыларға өндiрiп алуды қолдану төлем көзінен ұсталатын, алименттерді өндіріп алу және мертіккеннен немесе денсаулығы өзгеше зақымданғаннан, асыраушысының қайтыс болуынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы сот шешiмi бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн.»;
6) 98-баптың 17) тармақшасындағы «активтерінен өндіріп алуға болмайды.» деген сөздер «активтерінен;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«18) тұрғын үй төлемдерінен;
19) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшадан;
20) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған банктік шоттардағы ақшадан өндіріп алуға болмайды.».
22-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
22. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж. № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):
6-баптың 1-тармағының 19) тармақшасындағы «келтіру болып табылады.» деген сөздер «келтіру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) егер жиналыстардың, митингілердің, шерулердің, пикеттер мен демонстрациялардың, сондай-ақ оларға қатысуға шақырудың мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк, дiни төзімсіздікті, тектiк-топтық астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің басқа да ережелерін бұзу болып табылса не оларды өткізу қоғамдық тәртіпке және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған (келіп түскен) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрация- лар ұйымдастыру мен өткізуге, сондай-ақ оларға қатысуға шақыруға пайдалану болып табылады.».
23. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22- II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат):
2-қосымша мынадай мазмұндағы 84-1-жолмен толықтырылсын:
«